Жаңашыл жоба көне қала көркін арттыруда

0

Облыс орталығында «Таразға тарту» жобасы аясында бірқатар нысанның құрылысы қарқынды жүруде. Соның бірі – Т. Рысқұлов атындағы орталық саябақтың іргесіндегі скверді абаттандыру жұмыстары облыстық мәслихаттың жауапкершілігімен орындалған. Онда халық қалаулыларының көмегімен 14 дана жарық шамы, 6 дана орындық, қоқыс жәшіктері, арық лотоктары орнатылған.

Абай даңғылы мен Көшеней көшесінің қиылысындағы сквердің де абаттандыру жұмысы да тиянақталып үлгерген. «Таразға тарту» жобасымен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы қолға алған нысан осындағы тұрғындардың да көңілінен шығуда.

Қ.Тұрысов көшесіндегі «Ақбұлақ» шағын ауданында орналасқан скверді Қордай ауданының әкімдігі аталған жоба шеңберінде жүзеге асырған. Көгалы жайқалып, сушашары ауаны сергітіп тұрған, ойын алаңшасы балалардың ойын-күлкісіне толған сквер ел көңілінен шығуда.

Ал, «Алатау» шағын ауданында С.Сейфуллин көшесін жағалай орын тепкен сквер «Таразға тарту» жобасы аясында Тараз қалалық мәслихатының депутаттарының жауапкершілігімен абаттандырылуда. Мұндағы екі ойын алаңшасының жабдықтары Ресейден жеткізіліпті. Сондай-ақ, 2 үстел тенисі, 1 әткеншек, 4 орындық, 4 қоқыс жәшіктері қойылып, жол жабындары төселіп, гүлзарлар егілген. Мұнда да шағын ауданның тұрғындары демалып, серуендеп жүр. Бүлдіршіндердің алаңсыз ойыны да нысанның ажарын аша түседі.

Ал қаланың орталығындағы №9 балабақша ғимаратының жай-күйін барлады. 1968 жылы пайдалануға берілген нысан типтік болғанымен, әбден тозығы жеткен. 340 орындық балабақшада 393 бала тәрбиеленуде. Десе де бейнебақылау камераларымен жабдықталған, күзет қызметімен қамтылған. Мекеменің меңгерушісі Жанар Оспанованың мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құны әзірленіп, сараптамадан өткен. Жоба құны – 364 млн теңге.

Төңкеріс көшесіндегі №31 орта мектептің ахуалы бірнеше жылдан бері жергілікті биліктің назарында. 1963 жылы пайдалануға берілген бұл ғимараттың да әбден тозығы жеткен десек, мұнда мердігер «ЦентрСнабСервис» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастап кетіпті. Қызу шаруа қыркүйектің аяғында бітеді деп жоспарланған.

slider

slider

slider

slider

Leave A Reply

Your email address will not be published.