Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ.

0

Бүгін Т.Рысқұлов ауданында жаңа балалар ойын алаңы ашылып, қолданысқа беріліп отыр. Аудан орталығы Құлан ауылының халқы асыға күткен  жаңа ойын алаңы Елорданың 23 жылдығы қарсаңында ашылды.

Ақсақалдар мен көп балалы аналар да бұл күні ойын алаңын салған  аула тұрғындары аудан әкіміне алғыстарын жаудырды. Алдымен халықты бұл қуанышты сәтпен аудан әкімінің орынбасы Әлібек Терлікбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық маслихат хатшысы Ербол Абуталипов құттықтады.Осыған дейін ойнайтын орын таба алмай, үй-үйде отыратын балалар енді күндерін осы аумақта өткізбек. Жергілікті бюджет қаражатына салынған нысанның құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталып, кішкентай балғындарды аталмыш алаңқайдың жазғы маусым қарсаңында қолданысқа берілгені де қуантып отыр.

Алаңда бүлдіршіндер үшін сырғанақтар мен әткеншектер, секіргіштер, арнайы құм төгілген жерлер қарастырылса, ересек балалар әртүрлі жаттығулар жасап, футбол ойнай алады.

Тұрғын үйлердің ішкі аумағындағы 12 тренажорлық, гимнастикалық, спорттық кешен, волейбол және баскетбол  алаңы, 4 турник пен 6 әткеншек орнатылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.