Енді құдықтан емес, құбырдан су ішеді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жер үй тек баспана ғана емес, сондай-ақ табысы аз, әсіресе көпбалалы от­басылардың экономикалық тірегі де бола алады. Үкімет пен әкімдіктер әлеуметтік жер үйлер салынатын учаскелерді ин­фра­құрылыммен қамтамасыз ету ісін же­дел­детуі қажет. Бұл ретте, мемлекет-же­кеменшік әріптестігін де қолданған жөн» – дей келе бұл қазақстандықтардың өмір сапасы мен өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік беретінін айтқан еді. Бұл ретте Жамбыл облысында нақты жұмыстар жүргізілуде.

Орсы орайда бүгін Жамбыл ауданы Шоқай ауылына таза ауыз су берілді. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында аталған ауылдағы жүргізілген таза ауыз су жүйесінің құрылысымен танысты.

Өткен жылдың наурыз айында басталған құрылыс жұмыстары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүргізілген.

 Халық қажетіне берілетін игілікті тиісті талаптарға сай орындаған «Болат-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 тұрғыны бар ауылға 15 шақырымды құрайтын су құбырын тартып, 160 аулаға су жіберу бойынша тетіктер орнатқан.

Ауыл болып құрылған 70 жылдан бері құдықтан су ішіп келген тұрғындар бұл оқиғаның тамаша тарту болғанын айтуда.

— Соңғы кездері ауыз судың құрамы да өзгере бастаған еді. Мінекей, бүгін тұрғындардың талай жылғы арманының орындалғанын көріп отырмыз. Ауыл жағдайы жыл санап жақсарып келеді. Биыл ауылда клуб салынса, «Жомарт түлек» жобасы аясында ауылға арка орнатылды. Енді оқу ордасының құрылысы басталмақ, — деді шоқайлық Исмайл Ходжумуратов жақсы жаңалықтармен бөлісіп.

Бердібек Сапарбаев су мұнарасын аралап, қондырғылардың жай-күйін барлады.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл аудандағы 42 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылы Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Бәйтерек, Қаратау ауылына ауыз су құбыры тартылса, енді тіршілік нәрімен Шоқай ауылы қамтылып отыр. Осылайша, 2019 жылы ауызсумен қамту үлесі ауданда 45,2 пайызды құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 69 пайызға жетті. Ал, ағымдағы жылы сапалы ауызсумен қамту үлесін 71,4 пайызға жеткізуді көзделген.

slider

slider

slider

Возможно, это изображение (на открытом воздухе)

Leave A Reply

Your email address will not be published.