Жамбылдық 76 отбасы баспаналы болды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты.

Нарық жағдайында тұрғын үйдің қолжетімділігі адамдардың табысына және осы міндетті өздігінен шеше алу қабілетіне орай жүзеге асады.

Менің тапсырмам бойынша ел тұр­ғын­дарының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесі пысықталды. Бұл, әсіресе, қазір ерекше маңызды» – деп нақты айтқан болатын. Бұл ретте Жамбыл облысында нақты жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, бүгін Жамбыл ауданы Аса ауылында 76 пəтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үйдің құрылысын «Бином» ЖШС бір жылда аяқтаған. Жоба құны 599 миллион теңге.

Бес қабатты тұрғын үйде 36 бір бөлмелі, 16 екі бөлмелі, 24 үш бөлмелі пəтерлер бар. Пәтер кілтіне ие болғандардың дені жетім бала, көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев аудан тұрғындарын қоныс тойымен құттықтады.

— Биыл облыста 650 мың шаршы метрден аса тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. Бүгінде Жамбыл ауданында пəтер кезегінде 1019 адам тұр. Сол кезекті азайту мақсатында Аса ауылында тағы төрт көпқабатты тұрғын үй салынып, 320 адамды пəтермен қамтуды ойлап отырмыз. Бұдан бөлек, 7 елді мекенде екі мыңға жуық жер телімін беру жоспарлануда. Аса ауылындағы 811 жер теліміне инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыста «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да өз жалғасын табатын болады. Оны біз демеушілердің күшімен жүзеге асырудамыз, — деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде жаңа қоныс иесі, жеті баланың анасы Айнұр Бегалиева өз қуанышымен бөлісті. Ол тоғыз жылдан бері үй кезегіне тұрып келіпті. «Əсіресе балаларым қатты қуанып жүр. Бұған дейін пəтер жалдап келсек енді өз үйіміздің болғанына сене алар емеспіз. Қуанышымызда шек жоқ»,-дейді ол.

slider

slider

slider

slider

Leave A Reply

Your email address will not be published.