Тараз төрінде тарихшылар бас қосты

0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Өтпенов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

ҚМДБ төрағасы алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесіп, онда өзара ұлтаралық келісімді нығайтудағы діннің рөлін, дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни  мамандар даярлау жөніндегі шараларды талқыланды.

Бұдан соң Бердібек Сапарбаев пен Наурызбай қажы Өтпенов Атлах шайқасының 1270 жылдығына және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Қазақ даласына Исламның келуі» атты халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференцияға қатысты.

751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласының маңында болған Араб-Қытай шайқасын тарихшылар өркениеттер қақтығысы деп бағалайды. Арабтардың жеңісі Орталық Азиядағы мұсылман мәдениетінің таралуына өз әсерін тигізген. Кейіннен ол түркі өнерінің дамуына, атап айтқанда, қалалық мәдениет пен сәулет өнеріне де ықпал ете білді. Тарихшылар Талас өзені бойындағы шайқастың нәтижесіне жергілікті халықтың да әсері бар екенін жоққа шығармайды.

— Түркі халықтарының тарихында айрықша маңызға ие болған «Атлах» шайқасы Әулиеата жерінде өткен. Біздің міндетіміз – жас ұрпаққа осы шайқастың тарихи құндылығын ұғындыру. Жастар өздері тұратын өлкеде қандай тарихи оқиғалардың орын алғанынан біліп жүруі керек. 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын салтанатты түрде атап өттік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алтын Орданың 750 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Тойдың тамашасын емес, тағылымын бақ» дегендей, атаулы даталар бізге мерекелік шаралардан бұрын, ата-бабаларымыздың бай мұрасын тереңірек зерттеп, тығылымын тани түсуге барынша мүмкіндік беретін орайлы сәт. Осыған айрықша назар аударуға тиіспіз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының да негізгі мақсат-мазмұны осы оймен өзектеседі десек, сол арқылы біз мәдениетімізді, көптен бері ұмытылып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғырта бастадық, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбав шараның кіріспе сөзінде.

Аймақ басшысы ұлттық құндылықтардың дамуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының да қосып отырған үлесін баса айтты.

Келесі кезекте Наурызбай қажы Өтпенов халықаралық конференцияның маңыздылығына  тоқталып, Түркістан аймағына қасиетті Ислам дінінің таралып, тамыр жаюы осы Талас-Атлах шайқасымен тікелей байланысты екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, форум барысында белгілі ғалымдар, профессорлар, шығыстанушылар баяндамалар жасады.

slider

slider

slider

slider

Leave A Reply

Your email address will not be published.