ЖАҢАТАСТА ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

0

⚜ Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық және еліміздің жүрегі, береке-бірлігіміздің тірегі болған Елорда күніне орай, Жаңатас қаласында тігін шеберханасы ашылды.

⚜ Осынау қуанышқа толы мереке күні қарсаңында Жаңатас қаласында арнайы киімдер, медициналық киімдер және төсек жабдықтарын дайындайтын тігін цехын ашудағы басты мақсат – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ауданымыздың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру.

⚜ Аталған жобаны жеке кәсіпкер — Ирина Георгиади қолға алып отыр.

⚜ Бұл тігін шеберханасында дайындалған өнімдер тек аудан көлемінде шектелмей, Республика бойынша келісімшарт негізінде «Инженерные Сети» ЖШС – Атырау қаласы, «Sitro» ЖШС – Алматы қаласына да жолдануда.

⚜ Бүгінгі күнге тігін цехы 20 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, келісімшарт негізіндегі тапсырыстарға байланысты тұрақты және бірқалыпты жұмыс атқаруда.

⚜ Ағымдағы жылы жобаны кеңейту жұмыстары жүргізіліп, жаңа нысанға орналасқан. «Слава» маркасы бойынша жұмыс жүргізуде.

⚜ Осынау үлкен қуанышты күні, тігін цехының ашылуына алғашқы құттықтау үшін сөз – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары –Мәдиев Алмас Өскенбайұлына және аудан әкімі – Сұлтанғалиев Марат Қырғызәліұлына берілді.

⚜ Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы –Орымбаев Жұмәлі Наргелұлы ақ батасын беріп, салтанатты түрде алқызыл лента қиылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.