«Уақыты келгенде лайықты адамды атаймын»: Путин биліктен қашан кететіні туралы

0

Ресей президенті Владимир Путин бір кездері Ресейді лайықты басқара алатын мұрагерінің атын атай алатынына үміттенетінін жеткізді

«Әрине, уақыты келгенде мен осындай адам немесе мына адам біздің отанымыз, Ресей сияқты керемет елді басқаруға лайық деп айта аламын деп үміттенемін», – деді ол.

Сонымен бірге Ресей басшысы өзінен кейін болатын президентке ақыл-кеңесін айтып, дұрыс жол сілтеу жауапкершілігі екенін айтты.

«Сол адамдарға немесе елді басқара алатын адамға келетін болсақ: бір жағынан, айтып жатады: қасиетті орын бос болмайды, орын алмастыратын адамдар жоқ деп. Екінші жағынан, әрине, менің міндетім – президент лауазымына үміткер адамдарға кеңес беру», – деді Путин.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.