Қостанайда ер адам 3 қабаттан секіріп, суицид жасамақ болды

0

Оның мұндай әрекетке баруына сүйіктісімен жанжалдасып қалуы себеп болған

Қостанайда ер адам 3 қабаттан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсауға тырысты

«Осы жылдың 1 шілдесінде жедел құтқару бөлімшесінің (ЖҚБ) құтқарушылары авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізді.

Сағат 13: 23-те «112» байланыс пунктіне куәгерлерден оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Юбилейный шағын ауданында көп қабатты үйде 1987 жылы туған ер адам өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасауға тырысты», — делінген хабарламада.

Жігіттің мұндай әрекетке бару себебі — қызымен жанжал болған. Ер адам оның барлық заттарын балконнан лақтырып жіберіп, содан кейін өзі секіруге шешім қабылдаған. Сағат 14: 33-те ТЖД қызметкерлері жеке құрамның 4 адамы мен 1 бірлік техникамен оқиға орнына келіп, құтқару полотносын тартып, көп ұзамай жігіт құлап, аяғын жарақаттады.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.