Ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттар ұсынылды

0

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаевтың басшылығымен өткен конференцияда «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жамбыл ауданының Аса, Ақбастау, Жамбыл және Ерназар ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидат ұсыну туралы мәселе қаралды.

Конференция алдында «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.8 тармағына сәйкес партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросында Жамбыл ауднының Аса, Ақбастау, Жамбыл және Ерназар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына өз кандидаттарын ұсынуы бойынша партия мүшелерінен түскен өтініштер қаралып, талқыланып, кандидатураларды конференцияның қарауына енгізген болатын.

Осыған орай конференцияда «Nur Otan» партиясынан Аса ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттыққа Қалшымбетов Бауыржан Құттыбайұлын, Ақбастау ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттыққа Дүзеева Нұрсұлу Лутфуллақызын, Жамбыл ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттыққа Садырбаев Бахыт Жұмаділұлын, Ерназар ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттыққа Әділов Қайрат Сембекұлын ұсыну, кандидаттарды тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жолдау туралы қаулы қабылданды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.