Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

0

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

«1 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицерін ірі көлемде пара алғаны үшін ұстады», — делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.

Агенттік мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

«Ақ Жайық» басылымында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қызметкер павлодарлық ұйым жетекшісінен 21 миллион теңге көлемінде пара алған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.