Тоқаев видеоүндеу жасайды

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» форумында видеоүндеу жасайды

«Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ — әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды», — деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Виртуал форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты — осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.