Суретке түспек болған ер адам Шарын өзеніне ағып кетті

0

Алматы облысында 37 жастағы ер адамды суретке түсу кезінде өзен ағыны алып кетті. Құтқару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

 «1 шілдеде сағат 11.15-те «112» пультіне Алматы облысының Кеген ауданында 1984 жылы туған ер адамды Шарын өзенінің ағыны алып кетті. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 15 адам мен 4 бірлік техника. Оқиға орнына сағат 12.05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да жіберілді. Олардың жалпы саны жеке құрамнан 8 адам мен 1 кинологиялық есеп. Сағат 13.00-де оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы ұшып шықты. Қосымша күштер мен құралдар жіберілетін болады», — деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам туристік топпен жүрген. Фотоға түсу кезінде қауіпті аймақта аяғы тайып кетіп, суға құлаған. Оны өзен ағыны алып кетті.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.