800-ДЕН АСТАМ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖАСАУҒА ҚАУҚАРЛЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

0

Жыл өткен сайын жер жүзі сан өзгеріп, жаңаша кейіпке еніп келеді. Сол секілді Жамбыл өңіріде күн санап түрленіп, жарқырауда. Бұл – мемлекеттік саясаттың, халықтың әл-ауқатының жақсаруының ашық көрінісі.Уақытпен санасып, қабырғасын тіктеп, саңылауын бүтіндеп келе жатқан жас мемлекетіміздің тәуелсіздік жалауын көтергеніне биыл 30 жыл толып отыр.

Бабалар арманын орындаған ұрпақ егемендік жолында талай игіліктерді жасап, асыл ұғым – азаттықты мәңгі сақтап қалуы үшін тер төге бермек.

Егемендікке қол жеткізгелі Жамбыл ауданында 400-ге жуық әлеуметтік, кәсіпкерлік бағыттағы нысандар бой көтеріп, бүгінде 86 мың халқы бар жамбылдықтарға қызмет көрсетуде.

Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиевтың мәліметіне сүйенсек, аудан аумағында 187 азық-түлік және 2 әмбебап дүкен, 3 автобөлшек, 3 құрылыс заттары, 3 канцеляр заттары, 4 дәрі-дәрмек, 2 төрт-түлікке қажетті дәрілері сатылатын дүкен, Бір кондитерлік өнімдер және тұшпара дайындайтын цех, 2 шұжық өндіретін, бір алкогол өндіретін цех, бір көлік базары, бір қонақ үй ,3 монша, 11 шаштараз, 10 балабақша, 5 көлік жөндейтін және 5 наубайхана, 2 карьер, 5 мейрамхана, 9 дәмхана, 117 қойма, 2 жемхана, 3 туристік нысан, бір тауық фермасы, 2 нотариус, 2 алма бақ орналасқан.

Жуырда бұл нысандардың қатарына «Invivo» зертхана лобораториясы мен «Аsa-optica» орталығы қосылды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов Аса ауылынан бой көтерген зертханаға арнайы барып, з мүмкүншілігімен етене танысты. Зертханаға келушілердің қарасы қалың, өйткені бағасы қолжетімді. Ашылғанына көп болмаса да мұнда 100-ден астам тұрғындар дертіне дауа іздеп келген.

Бүгінгі күні зертхана медициналық зертханалық зерттеулердің 800-ден астам түрін жүргізеді. Зертхананың міндеті – бұрын жоғары сапалы зертханалық зерттеулердің көптеген түрлерін алу қиын болған жерлерде қол жетімді бағамен сапалы зертханалық қызметтерді ұсыну. Бұл – аймақтық желілік құрылымы бар Орталық Азия аймағындағы алғашқы зертхана. Қазіргі уақытта елімізде 187-ден астам қабылдау орталығы, 2 зертхана табысты жұмыс істейді. Мемлекеттік лицензияларға сәйкес, зертхана екі негізгі қызмет түрін жүзеге асырады. Бірінші – зертханалық диагностика: бактериологиялық, иммунологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық, серологиялық зерттеулер. Екінші алғашқы медициналық-санитарлық көмек.

Технологиялар барлық зертханалық зерттеулердің тарихын сақтауға мүмкіндік береді, бұл статистиканы жинауға және мемлекеттік органдарға ұсыну үшін зертханалық сынақтарды талдауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда пациенттің бірінші талабы бойынша қайталанатын зерттеулер жүргізуге септігі тиеді. Бұл туралы пунктінің директоры Жеңіс Сопбеков егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Зертхана бөлмелерін аралаған Олжас Елебекұлы санитарлық тазалықты сақтау, бетперде режимін бұзбау, халыққа сапалы қызмет көрсету керектігін атап өтіп, жамбылдықтарды мүмкүншілігі мол зертхананың ашылғаны туралы хабардар ету қажеттігін алға тартты.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.