Домбыра күні аталып өтуде

0

Жамбыл аудандық мәдениет үйінің ауласында аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен 1-шілде Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра қазақтың асыл мұрасы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс- шара барысында » Аса сазы халықтық ән-би ансамблінің орындауында «Адай», «Балбырауын» күйлері көрермен назарына ұсынылды.

Ұлттық болмыстан сыр шертетін кешке жиылған жұртшылық әсем күйге бөленгенін айтып, ұйымдастыру алқасына
алғысын білдірді.

Сондай-ақ атаулы датаға орай аудан кітапханадарында тағылымдық іс-шаралар басталып, ұлттық құндылықтар ұлықталуда

Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.