«Жедел жәрдем көлігінен алып қашқан»: Павлодарлық ер адам жүкті әйелді зорлағаны үшін сотталды

0

Павлодар тұрғыны жүкті әйелді ұрлағаны және зорлағаны үшін 11 жылға сотталды

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскер жәбірленушіні бірнеше рет заңсыз бас бостандығынан айырып, зорлады деп айыпталған. Процесс жабық режимде өтті.

Сотта ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденгенін атап өтті. Прокурор ер адамды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Павлодар тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған 10 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Бұдан басқа, алдыңғы үкім бойынша жазаны ішінара қосу жолымен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады Павлодар сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот қылмыскер жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін екі миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Сот ер адамның жас баласы бар екенін, мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ауырлататынын мойындады. Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім заңды күшіне енген жоқ.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.