Бүгіннен бастап қос палата депутаттары демалыста

0

Парламенттің бірлескен отырысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин қаңтар айында сайланған 7-ші шақырылымның алғашқы сессияда атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы жабылды. Бастапқыда түскен 104 заң жобасының бүгінде 63-і қабылданды. 58-не Қазақстан Президенті қол қойып, олар заңды күшіне еніп те үлгерген. Елеулі жобалар қатарында. Еліміздегі сайлау туралы және жер қатынастарына қатысты заң жобалары. Ендігіде ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлайды. Сайлау бюллетеніне бәріне қарсымын деген жол енгізілмек.

Сонымен қатар, жаңа өзгерістерге сәйкес, бұдан былай шетел азаматтарына жер сатылмайды да, жалға да берілмейді. Жалпы, бірінші сессияда мәжіліс депутаттары 233, ал сенат депутаттары тарапынан 45 сауал жолданды. Тағы 35 заң жобасы қарауда. Келесі сессияда 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет, жастар саясаты, өнеркәсіпті дамыту, Семей ядролық полигонына қатысты заң жобалары қарастырылады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.