Вакцина алған ЖОО студенттеріне жеңілдіктер беріледі

0

 Қазақстандық жоғары оқу орындары Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша ЖОО студенттері арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, COVID–19 індетіне қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады. Тек студенттер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық материалдық ынталандыруға ие болады. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакцинациялауды қолдау бойынша акцияларды бастап кетті.

Бірқатар жоғары оқу орнының студенттері үшін оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер, сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондары қарастырылған. Сондай-ақ жоғары оқу орындары вакцинацияланған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар екпе салдырған кейбір университеттердің студенттері фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады», делінген хабарламада. Аталған жоғары оқу орындарының оқытушылары да назардан тыс қалмады.

Вакцинацияланған оқытушылар қосымша ақы немесе ақылы демалыс алады. «Министрдің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға шақырып, ынталандыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұл акция біздің азаматтардың санасын оятуға көмектеседі деп сенеміз. Біз бірлесе отырып, қауіпті вирусты жеңе аламыз және карантин мүмкіндігінше тез аяқталады деп үміттенеміз. Басқа жоғары оқу орындарын да вакцинацияны қолдау үшін ынталандыру шараларын ұйымдастыруға шақырамыз. Себебі бұл коронавирустың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.