Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесетін болды

0
Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен кездесуі өтеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді

«30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр, — деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.

Leave A Reply

Your email address will not be published.