Елордада тыр жалаңаш күйде велосипедпен жүрген ер адам ұсталды

0

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды

Бүгін таңғы сағат 07:14-те Есіл өзенінің жағасында жалаңаш күйде велосипедпен жүрген ер адамға қатысты полицияға хабарлама түскен. Мас күйде болған ер адамды полиция қызметкерлері ұстады. Оның үстінде аяқ киімнен басқа ештеңе болмаған.

42 жастағы тәртіп бұзушының айтуынша, ол түнде өзен жағасында досымен бірге ішімдік ішкен. Сосын ер адам өзенге суға түскен. Ал судан шыққан кезде жағалауда оның киімдері болмай, таныстары оның заттарын алып, басқа жаққа кетіп қалған.

Сосын ер адам көліктің жүк салғышынан велосипедті алып, Бараев көшесіндегі үйіне қарай бет алған. Ол мас күйде болғандықтан, көлік айдамағанын түсіндірді.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440, 434-баптары бойынша (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, басқаларға құрметсіздік білдіру және қоғамдық тәртіпті бұзу) әкімшілік іс қозғалды.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.