Алматы маңында ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті

0

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы жолдан өткісі келген ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті. Қайғылы оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды

«Етікші, жергілікті тұрғын. Балаларымен өзенге шомылуға бара жатқан. Қызы оқиға орнында қаза болды, балаарбадағы ұлын итеріп жіберіп үлгерген. Ұлы тірі», — делінген Instagram-дағы kaskelenkz парақшасында.

Ескерту, жүрегі әлсіздерге көруге болмайды!

Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оқиға 28 маусымда 14:50-де Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолында болған.

«ЗИЛ маркалы жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі трассамен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен тоғыз жастағы бала қаза болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.