Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасып кеткен бе?

0

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасып кетті деп айыптағандарға жауап берді.

Бұл туралы “Папарацци” бағдарламасында айтты.

Ел аузында актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасып кетті деген қауесет көп айтылады. Бұл сұраққа актрисаның өзі жауап қатты.

“Мен өзім 30-дан асқанда тұрмыс құрдым. 33 жасымда жар атанып, 34 жасымда ана атандым. Солай тапқан күйеуімді кетем десе де жібермеймін деп әзілдеп жүремін. Ажырасқан жоқпын”, – деді актриса.

Жұлдызай мен жолдасының қарым-қатынасы өзгеше. Олардың отбасылық ұстанымдары да бөлек. Ел арасында көп жүретін актриса ер азаматына еркелейтін кейбір қыз-келіншектердің қылығын жат санайды.

“Біреулер секілді “жан”, “жан” деп сызылып жүргенді жек көрем. Өзім мүлде еркелетпейді екенмін. Маған ыңғайсыз көрінеді. Егер бірнәрсе ұнап тұрса ақылдасамын. Жолдасымның ойын білемін. Егер ол да ұнатса “алып берші” деймін”, – дейді ол.

Ұзақ уақыт бойы оң босағада отырып, кейін өмірлік жарын жолықтырған бикештер жайлы әңгіменің шеті шықса, Жұлдызайды тоқтату мүмкін емес. Оның пікірінше, теңін тапқан қызды тегін табыстау керек.

“Әркімнің қабылдауына байланысты. Осы екі жастың арасындағы қалың мал, киіт дегенге қарсымын. Біреулер “отырып қалған қыз ғой сол үшін аз қалың мал әкелді” дейді. Енді бірі “көп әкелді” дейді. Әркімнің сана-сезімі әр түрлі ғой. Ол қабылдауға байланысты. Теңін тапса, тегін бер дейді қазақ”, – деді актриса.

Алғашында “Шаншарда” шыңдалып, кейіннен “Алдараспанда” актриса болған Жұлдызай бүгінде нағыз әмбебап әртіске айналған.

“Мен блогер емеспін. Тек вайндар түсіріп жүрміз. Бұл карантиннен басталған дүние. Бәрі жақсылықпен аяқталып, еліміз бұрынғы қалыпқа келсе, мен қайтадан балалар театрының жұмысын жалғастырамын. Бірақ жеке театр ашпаймын”, – деді актриса.

Жұлдызай ханым жолдасы екеуі бір қызды тәрбиелеп отыр. Егер Алла берсе, тағы бір перзент сүюді армандайды.

“Алла берсе, сәби сүйгіміз келеді. Бәрі уақыттың еншісінде”, – деді Дүйсенбиева.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.