Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

0

Қазақстан «қызыл» аймақта тұр

Елімізде соңғы аптада короновирустық инфекциямен сырқаттанушылық 39%-ға өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.

«Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында ауруды жұқтыру көрсеткіші 1,7 есеге артқан. Бұл республика бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 43%-ын құрайды.  Бүгінде Нұр-сұлтан қаласында инфекциялық төсек-орындардың 65%-ы, реанимациялық төсек-орындардың 74%-ы, Алматы қаласында инфекциялық орындардың 32%-ы, реанимациялық төсек-орындардың 31%-ы қолданыста», — деді министр.

Ведомство басшысы елдегі вакцинациялау жұмыстарының нәтижесін де баяндады. Бүгінде қазақстандықтан вакцинаның 5,2 млн дозасын салдырып үлгерген екен. Оның бірінші компоненті 3 246 795 адамға салынса, екіншісін алғандардың саны 1 954 372 адамды құрайды.

«Бүгінде егу пункттерінде вакцина дозаларының саны жеткілікті: бірінші компоненттің шамамен 800 мың дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы бар. Вакцинациялаудың тиімділігіне жүргізілген талдаудың нәтижесінде елімізде сәуір-маусым айларында вакцинацияланғандар санының 1,3 млн-нан 3,2 млн адамға дейін өскені байқалды», — деді Алексей Цой.

26 маусымнан бері Қазақстан «қызыл» аймақта тұр. «қ)ызыл» аймаққа бес өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары. Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Осыған орай Үкімет басшысы әкімдерге халықты вакцинациялау шарасын күшейтуді тапсырды.

«Әкімдер, әсіресе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуі қажет. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету және білім беру салаларында міндетті вакциналауды енгізу қажет екені анық байқалып отыр», — деді Асқар Мамин.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.