Санитарлық талаптарды сақтауға баса назар аударылуда

0
«Коронавирус COVID-19» деп аталатын пневмония індеті әлі де болса өршіп тұр. Бүгінде бұл қауіпті әрі жұқпалы дерт әлем бойынша алаңдатып отыр. Осыған орай Сарысу ауданында да кешенді іс -шаралар жоспары бекітілген.  Яғни ауданда арнайы штаб құрылып тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің алдын алу және сақтық шараларын жүзеге асыру жұмыстарына басымдық беріліп отыр. Айталық ауданға қарасты белсенді азаматтар, жастарымыз да сақтық шараларын түсіндіруге өз үлестерін қосуда.
Олар ауыл тұрғындарына КОРОНОВИРУС ПАНДЕМИЯСЫНА (COVID-19) қарсы сақтық шараларын қамтамасыз ету бойынша арнайы жадынамалар үлестіріп, барынша, сақтыққа шақыруда.
Сонымен қатар Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев бастап, аудандықтарды індеттің алдын алудың бірден-бір жолы екпе егу екендігін жеткізуде.
Бүгінде Сарысу ауданында вакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиевтен толық мәлімет алған болатынбыз.
Нақты тоқталар болсақ 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауданда халық саны (статистикалық мәліметке сәйкес) 44 459 адамды құрайды.
Орталық аурухананың дерекқорына (РПН) 39 708 адам тіркелген.
Оның ішінде 20 361 адам вакцинациялануға жатпайды.
Олар кәмелетке толмағандар – 15868 адам;
65 жастан асқандар – 2987 адам;
Жүктілер – 567 адам;
Аллергенді диагнозы бар – 30 адам;
Бала күтімімен отқан – 787 адам;
Онкологиялық диагнозы бар – 27 адам;
Гармональді препарат алатындар – 95 адам;
Жалпы аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға 19 452 адам жатады.
Жалпы ауданда вакцинаның 6 егу пункттері орналасқан.
Жыл басынан ауданға вакцинаның 11200 дозасы келді.
Оның ішінде 1-ші компонент – 6525 доза, 2-ші компонент – 4675 доза.
Бүгінде, 4600 аудан тұрғыны вакциналардың 1-ші компонентін салдырды. (келген вакцинаның 66,2 пайызы)
Оның ішінде: 725 аурухана қызметкерлерінің 474-і, білім саласындағы 4100 қызметкерлердің 1507-і, 72 полиция қызметкерлерінің 44-і, өзге де санатқа жататын 14 555 адамның 2300-і екпе қабылдаған.
2-ші компонентті сәйкесінше 2337 адам қабылдаған. (келген вакцинаның 40 пайызы)
Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ,-дейді аудан әкімінің орынбасары.
Бұл есептік көрсеткіш күн санап өзгеріп, екпе қабылдаушылар саны да артып келеді.
Эпидемиологиялық жағдай және коронавирустық инфекциясына қарсы жұмыстар туралы білу мақсатында аудандық орталық ауруханаға барған болатынбыз. Онда да қызу жұмыстар үстінен түстік.
Өз еркімен екпе қабылдауға келген аудандықтар қарасы мол. Аудандық орталық ауруханадағы індеттің алдын алуға қатысты қазіргі жағдайы туралы қысқаша тоқтала кетсек:
Қазіргі таңда аудандық жұқпалы ауруханасында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында, 40- инфекциялық төсек ашылып жұмыс атқаруда және бөлімшеге орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген.
Аудандық орталық ауруханасында 36 оттегі беретін концентратор, 9 ИВЛ аппараты, обаға қарсы костюмдер бірреттік -2689, көп реттік- 591 дана және қорда 7260 дана медициналық бетперде бар, бір реттік медициналық қолғап-920 дана.
Дәрі-дәрмек қоры 90 күнге жетеді екен. Жалпы дәрі-дәрмек қоры 3-3,5 айға жеткілікті.
Жан басына шаққанда шамамен 500-700 науқасқа жеткілікті дәрі-дәрмектер мен қамтылған.
Сондай-ақ, кезең-кезеңімен қосымша дәрі-дәрмек жеткізілетін болады,- дейді аурухана басшылығы.
Жалпы Сарысу ауданында жағдай тұрақты. Індетті бірлесе отырып, сақтық, талапты ұстана отырып жеңеміз. Мұны ерікті түрде келіп екпе салдырып жатқан тұрғындар сөзінен де аңғаруға болады.
Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.