Медицина мамандары марапатталды

0
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауруханада аудан денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан медицина қызметкерлерін құттықтау салтанатты шарасы ұйымдастырылды.
Ауданымыздың медицина саласының қызметкерлерін аудан әкімі М.Сұлтанғалиев ,облыс әкімінің кеңесшісі А. Төлебаев, Сарысу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Жұмаділов, «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары М.Есмұрзаев, қала әкімінің орынбасары М.Сағымбекұлы, аурухана клиника диагностикалық бөлімінің меңгерушісі С. Бегеев құттықтап, марапаттауларды тапсырды.
«Жамбыл облысы мәслихатының 25 жылдығы» медалімен аурухана реанимация бөлімінің меңгерушісі
Р. Мұқанов, Саудакент ауылдық аурухана бөлімінің балалар дәрігері Д. Наурызбаев, Түгіскен дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері А. Үсенов, Саудакент ауылдық емханасының акушер гинекологі
М. Даулетова, аудандық маслихаттың «Құрмет грамотасымен» Саудакент емханасының дәрігері Г. Султанова , емхана бөлімінің дерматологі А. Қалманбаева, аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» аурухана бас дәрігерінің орынбасары А. Қырғызбаева, Жайылма дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Л. Мадалиева, «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының «Құрмет грамотасымен» емхана меңгерушісі А. Каликова, отолоринголог Қ, Саденова, Жайылма дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Л. Мадалиева , аурухана есепшісі И. Балтабеков, қала әкімінің «Құрмет грамотасымен» БМСК меңгерушісі А. Акбиманова, жалпы тәжірибелі дәрігер Г. Имашева , фтизиатр И. Бейсенбаева, Жамбыл облысы денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің «SENIM» салалық кәсіптік одағының «Алғыс хатымен» хирург Е. Досалиев, инфекционист Н.Жанбаева, жалпы тәжірибелі дәрігерлер А.Азаматова Г. Кумисбаева, Н.Мубаракова, Л. Мадалиева, мейіргерлер К.Коренова, К. Арынбекова, М.Хасановалар марапатталды.
Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуде жеткен жетістіктері үшін аурухананың бірқатар медицина қызметкерлеріне, сонымен бірге 50 жас, 60 жас мерей той иелеріне де сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.