Аудан әкімі азаматтарды қабылдады

0
Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға қала әкімі, денсаулық саласының мамандары және мекеме басшылары қатысты.
Қабылдауда болғандардың дені көпшілігі тұрғын үй және денсаулық, жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініштерін жеткізді.
Тұрғындардың өтініштерін тыңдай келе аудан әкімі;
— Тұрғындарды үймен қамтудың тиісті заңдылықтарға сәйкес берілетінін айта келіп, жұмысқа орналастыру мәселесінде халықты жұмыспен қамту туралы үкіметтік бағдарламаларға қатысу қажеттігін жеткізді.
Ал, «Нұр Отан» партиясы өз тарапынан бұл мәселелерді басты назарда ұстайды,- деді.
Денсаулық саласына қатысты көтерілген мәселелерге аудандық орталық аурухананың мамандары жауап берді.
20-ға тарта келген тұрғындар талап пен тілегі ескерусіз қалмайды.
Әрбір ұсыныс-пікір ескеріліп, Заң аясында шешімі табылатын болады
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.