Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?

0

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC турнирінде өткізген екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды.

 Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Бұл — отандасымыздың ММА-дегі он төртінші, ал UFC-дегі екінші жеңісі. Сонымен қатар, қазақстандық өзінің барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы Мишель Празерес мансабында төрт рет қарсыласына есе жіберді. Prosports.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шавкат Рахмонов жекпе-жек үшін 40 мың доллар сыйақы алған.

Оның ішінде, 18 мың доллар айқасқа шыққаны үшін, 18 мың доллар жеңіске жеткені үшін және 4 мың қосымша сыйақы. Еске сала кетейік, өткен жылдың 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.