Семейдің жаңа әкімі тағайындалды

0
Бақытжан Байахметов Семей қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

Бақытжан Байахметов бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Осы жылдың басында қала басшысы болып тағайындалған Нұрымбет Сақтағанов денсаулығына байланысты отставкаға кетті.

Қаланың жаңа басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

«Инженер-электрик» және «экономист» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1992 жылы Аягөз қаласының «Алтайэнерго» кәсіпорнында инженер болып бастаған. Электрмен жабдықтау саласында 2005 жылға дейін жұмыс істеп, басшылық лауазымдарға дейін жетті. 2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде, қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары Аягөз қаласының әкімі болды. Одан әрі Ұлан, Аягөз аудандарын басқарды. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.