Үндістанда жарқанаттардың ағзасынан өте қауіпті вирус табылды

0

Үндістанда арты өлімге әкелетін Нипах вирусы табылды. Қауіпті вирус жарқанаттардың ағзасынан анықталды

Вирусты Үндістанның ұлттың вирусология институтының зерттеушілері тапты. Ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары жарқанаттар болып шықты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жарқанаттардың ағзасынан анықталған вирустарды әлемдегі ең қауіпті санайды. Бұл инфекция жануарлардың сілекейі жағылған жемістер арқылы адамға жұғады», – деп жазады үндістандық ғалым.

Қазіргі таңда бұл вирустан қорғайтын дәрі де, вакцинада жоқ. Вирустың өлімге әкелетін қауіпі 40-75%.

Бұған дейін вирус Үндістанда 2001 және 2007 жылы тіркелген. Содан кейін тағы екі рет 2018-2019 жылдары анықталыпты.

Ғалымдар ауру қоздырғышын әлі зерттеу керектігін жеткізді. Қазіргі таңда қолда бар ақпарат бойынша қорытынды жасау қиын екенін айтады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.