“Көз тимесін” ұғымы қайдан шыққан

0

Қазақ арасында адамға науқастанып, өзін нашар сезінгенде «көз тимесін» деп жатады. Бұл сөз тіркесі қайдан шықты, қалай пайда болды деген сұрақтарға бүгінгі материалымызда жауап береміз.

Тіл-көз тию – қазақ қоғамындағы ескіден келе жатқан нанымдардың бір түрі. Қазақ жақсы адамға, сұлу қызға, жүйрік атқа, жас нәрестеге, тіпті адамның дәулеті мен атақ-абыройына да көз тиюі мүмкін деп ойлайды. «Тіл-сұқ тас жарады» деген сөз осыдан шықса керек. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған түрлі әдіспен ем жасаған.

Халық емшілігінде бала кенет сырқаттанып қалса, оған «тіл-көз тиді, біреудің сұғы өтті» деп жорып, әртүрлі ем жасап, дұға оқып жатады.

«Көз тимесін», «Сөз тимесін» деп, қызыға қараған адамға, нәрсеге түкіріп, көз тиюдің алдын алады. Міне, осылайша бұл тіркестер әлі күнге дейін қолданылып келеді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.