Тараз Өңірлік университетіне жаңа ректор тағайындалды

0

Республикалық комиссия шешімінің негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігімен Ешенкулов Талгат Ильясұлы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына тағайындалды.

1999 ж. – М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік бітірген.

2010 ж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. Экономика және құқықтану саласында біліктіліктері, сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіні бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

2006 — 2012 жылдары Индиана университетінде (АҚШ), Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк университетінің Сэндфор мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланды), Оңтүстік Корея мемлекеттік аудит институтында мемлекеттік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын өткен.

2000 жылы еңбек жолын сот жүйесінің органдарында бастаған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде әртүрлі басшы лауазымдарын атқарған.

2007 — 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

2019 ж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметінде жұмыс жасады.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.