Мемлекеттік қызметшілерге айрықша құрмет

0

Аудан әкімінің кіші мәжіліс залында 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күніне орай арналған салтанатты кездесу болып өтті. Бұл атаулы мерекелік кездесуді аудан әкімі Нұржан Календеровтың өзі жүргізіп отырды.Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді деді аудан басшысы. Заманауи, сапалы мемлекеттік қызметтің елдің әлеуметтік-экномикалық дамуына қосар үлесі ерекше.

Сондықтан, мемлекеттік қызметшілерге тиісті талаптар мен міндеттер қойылып отыр. Өйткені, халықтың билікке деген сенімі қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.Біздің ауданымыздың нәтижелі дамуы сіздердің жоғары адамгершілік деңгейлеріңізге, өз қызметтеріңізге деген адалдықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңізге байланысты деп атап көрсетті.

Тәуелсіз Отанымыздың тұғырын биіктетіп, ел ертеңінің еңселі болуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі орасан зор екені сөзсіз. Қуатты Қазақстанды құрудағы Елбасы ұстанымын, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді және мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы атқарылған қызметке байланысты. Сондықтан «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» ұстанымын ұмытпай, тұрғындардың тілектерін ескеру қажет. Халыққа сапалы қызмет ұсыну арқылы ғана алғысына бөленуге болатынын айта кеткен жөн.Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету -білімнен емес, мінезден» деген болатын.

Ол мінез анамыздың ақ сүтімен, әкеміздің ақылымен, бабаларымыздың нақылымен қалыптасары сөзсіз. Елге қызмет етуде өз ісімен өнеге болатын үлгі тұтар азаматтарымыз аз емес. Солар салған сара жолды жалғай білуіміз керек. Жиын соңында бірқатар Мемлект қызметкерлерін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттары және «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.