Елде локдаун енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ — вице-премьер 36

0
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді

«Бүгінде Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін ведомствоаралық комиссия отырысында шектеулер бойынша ұсыныстар бердік. Әрі қарай не болатынын эпидемиологиялық жағдай көрсетеді», — деді Тоғжанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың үнді штамына байланысты карантин күшейтілетіні хабарланған болатын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда жекелеген шектеулер енгізіледі.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.