Әсел Сәдуақасова алғашқы махаббаты туралы айтты

0

Актриса Әсел Сәдуақасова өзіне ұнайтын жігіттер мен алғашқы махаббаты жайлы айтты. Айтуынша, ол ер азаматтың сыртқы түріне мән бермейді. Тек ішкі жан дүниесіне көңіл бөледі. Азаматтың мейірімді болғанын дұрыс деп бағалайды.

«Сыртқы түр мен үшін ешқашан маңызды болған емес, мен кез келген адамның бойынан жан дүниесін көремін. Мен ер адамға тәнті болғым келеді. Ер адам шынымен мейірімді болса, онда ол адамды тәнті етеді. Бұл нағыз күш», – деп түсіндірді актриса.

Ол, сонымен бірге 7-сынып оқушысы болған кезде бірінші рет ғашық болғанын мойындады.

“Мен оны басқа мектепке кеткенге дейін жақсы көрдім”, – деп күлді Әсел.

Актриса өзінің кемшіліктері туралы да шынайы айтты.

«Мен шыдамсызмын. Сонымен қатар жалқаулығым бар. Мен ең жалқау адамдардың бірімін. Бірақ қазір мен өзімді тәрбиелеп жатырмын”, – деді ол парақшасында.

Актриса желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

“Сіз ең әдемі актрисасыз”, “Сіздің киноларыңыз ұнайды”, “Алғашқы махаббатыңыз кездеспеді ме?”, “Ер азаматтың мейірімді болғаны жақсы”, “Басқа ешқандай талаптарыңыз жоқ па?”, “Сыртқы түрі де роль атқарады емес пе?“, “Адам сұлу болғанымен, жаны сұлу болмаса, ешкімге ұнамайды”, – деп жазды олар.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.