Ақтөбелік әйел балалардың көзінше өзіне қол жұмсады

0
Ақтөбеде 25 жастағы әйел өзіне қол жұмсамақ болған. Ол төртінші қабаттан секірді. Бұл жағдай балалардың көз алдында болды.

Өзіне қол салмақ болған келіншек үйінде заматтық некедегі күйеуімен тұрады екен. Оның мас күйде балконның жақтауына шығып алғанын көршілері көрген.

Тәртіп сақшылары да жедел жетіп, барлығы келіншекті сабырға шақырмақ болыпты. Райынан қайтпасын білген соң төмендегілер көрпе жайып тұрған. Соның арқасында 25 жастағы тұрғын аман қалды. Ешқандай жарақат алмаған.

Дәрігерлер тексеріп, өзін өлтірмекші болған келіншекті үйіне қайтарды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.