0

«Саламатты Қазақстан» денсаулықты дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында шалғайдағы ауыл тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған жылжымалы кешен қалыптасқаны белгілі. Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданына өткен жылы келген жылжымалы медициналық комплекс-автобус шалғай жерлердегі ауылдарға медициналық көмектің қолжетімдігін  арттырып, ауыл тұрғындарын толғандырған сауалдарға жауап берді.

Ағымдағы жылдың ақпан-мамыр  айларында ауданға қарасты 16 елді мекенде болып, 7260  адам тексерілуден өткізілді, 4600 адам скринингті тексеруден өткізіліп, 2984 адам диспансерлік бақылауға алынды.


Жылжымалы дәрігерлік қыз
мет көрсететін әмбебап автобус бірнеше бағытта бойынша жұмыс жасайды. Атап айтқанда, жалпы қабылдау бөлімінде адамдар денсаулықтарын дәрігерге тексертіп, гинекология және хирургия кабинеттерінде қажетті кеңес алуда. Сондай-ақ, УЗИ, рентген және лаборатория диагностикасы кабинеттерімен жабдықталған.

Автобус-емханалар  сапалы медициналық көмекті шалғай ауылдардағы ағайын үшін қолжетімді әрі ыңғайлы. Мамандар осындай көліктермен алыстағы елді мекендерді аралап, ондағы жұртшылыққа қызмет көрсетуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.