EURO 2020: Ресей жарыс жолынан шықты

0

ЕУРО-2020 футбол додасының үшінші кезеңі аясында 4 бірдей матч өтті.

«Б» тобында Ресей құрамасы Даниядан ойсырай жеңіліп, жарысты осы жерден тоқтатты. Есеп 1:4. Финляндия да Бельгия құрамасынан айласын асыра алмай, 0:2 есебімен есе жіберді. «Ц» тобында Нидерланд Солтүстік Македонияны сенімді түрде 3:0 есебімен жеңді. 24-минутта Мемфис Депай есеп ашса, 51-минуттан кейін Жоржиньо Вейналдум дубль жасады.

Украина Австрияға қарсы терезесі тең ойын көрсеткенімен 0:1 есебімен ұтылды. Бірінші таймда басынан жарақат алған Кристоф Баумгартнер жалғыз гол авторы атанды. Бірақ украиналықтардың келесі кезеңге шығатыны немесе шықпайтыны үшінші кезең матчтары толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.