Қылмыскердің әйелі қызға екпе салған: Сотта Сәтбаевтағы қыз зорлау оқиғасының мән-жайы айтылды

0

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды зорлау ісі бойынша алқабилер соты үкім шығарды

Қылмысқа қатысқан тағы бір адам өзіне қол жұмсады. Сотта айтылғандай, оған қатысты іс тоқтатылды.

“2020 жылдың шілде айының 23-інде Г. мас күйінде өз үйінің кіре берісінде жас қыз бала жәбірленушіні кездестіріп, оны ұстап алып өзінің пәтеріне әкелген. Содан кейін Г. өзінің көршісі Пр.-ты шақырып алып, жәбірленушіге зорлық жасауды ұсынған. Көршісі келіскен. Содан соң олар Пр.-дың жұбайы – сотталушы П.-ны шақырып алған. Ол екеуінің қылмыстық пиғылдарын біле тұра, балаға тергеумен анықталмаған зат инъекциясын жасаған. Қыз бала есінен тана бастаған. Содан кейін, Г. мен Пр. жас қыз балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап зорлаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің психикалық денсаулығына ауыр зиян келтірілген”, – делінген хабарламада.

Дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер соты Пр. мен П.-ны барлық баптар бойынша кінәлі деп таныды.

Пр.-дың қылмысты мас күйінде жасағаны жазасын ауырлататын мән-жай ретінде таңдалды. Басқа мән-жайлар анықталған жоқ.

Жоғарыдағыларды ескере отырып, Пр.-ға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздігі мекемесінде өтейді. Жазаның алғашқы 5 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемесінде өтеледі.

Әйелдерге өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауға заң тыйым салады. Осыған байланысты, сотталушы П.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2020 жылдың 23 шілде күні Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз бала жоғалып кетеді, кейіннен қыз көпқабатты үйдегі басқа біреудің пәтерінен табылады. Бүлдіршінді зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынады. Сәтбаев пен Жезқазғанның ашулы тұрғындары күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Тәртіп сақшылары күдіктіні ашулы топтан құтқару үшін оны полиция қызметкерінің формасына киіндіріп, алып шыққан. Осыдан кейін адамдар алаңға жинала бастады және жергілікті полиция бөлімінде тәртіпсіздік ұйымдастырды.

Арадан біршама уақыт өткеннен кейін 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған педофил тергеу изоляторының камерасында асылып қалғаны хабарланды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.