Нұр-Сұлтанда қазақша күрестен спорт шеберлері пышақтасып қалған

0
Нұр-сұлтанда полиция суық қару қолданылған қонақ үйлердің біріндегі төбелес фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Қорғалжын тас жолы бойындағы қонақ үйлердің бірінде төбелес туралы хабарлама 20 маусымда түскен.

 

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қоңырау шалушы төбелес кезінде жігіттердің бірі екіншісін кеудесіне пышақпен ұрғанын айтқан.

Оқиға орнына келген полицейлер жағдайды бірден қолға алған. Олар қақтығыстың себепкерлері Ақтөбеден келген спортшылар екенін анықтады. Екеуі 15 маусым күні Нұр-сұлтан қаласына қазақ күресінен республикалық жарыстарға келген екен.

«Жарыс аяқталғаннан кейін, 20 маусымда олар қонақ үй бөлмесіне келді. 21 жастағы екі жас жігіт сөзге келіп, ол артынша төбелеске ұласқан, соның салдарынан біреуі екіншісіне кеуде тұсына пышақ жарақатын салған», — деп хабарлады Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жәбірленуші ауруханаға түсіп, ал күдікті ұсталды.

Сонымен қатар, тергеу аясында жарыс ұйымдастырушыларының жұмысына баға беріледі.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.