Инвестиция-ел игілігі

0

Жамбыл облысында кәсіпкерлер мен меценаттардың атсалысуымен түрлі әлеуметтік жобалар қызу жүзеге асуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев тілге тиек етті.

«Игі қазақы дәстүрді жаңғыртқан «Асарлатып үй салуы» жобасы жамбылдықтардың айрықша қолдауына ие болды. Аталған жоба аясында өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 99 тұрғын үй салынған болатын. Биыл тағы 134 үйдің құрылысы басталған, бүгінге дейін 14 отбасы басыналы болып үлгерді. Осылайша, жоба асясында облыста жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 233 үй бой көтеретін болады», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, биыл өңірде бастау алған «Таразға Тарту» жобасы аясында облыс орталығында 42 нысанда абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүруде десек, олардың қатарында тұрғын үйлер мен балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары, 21 саябақ пен сквер бар.

Бұдан бөлек, қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы бойынша табысты түлектердің демеушілігімен 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынған. Тағы осындай 4 кешен мен 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Түлектермен жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асуда.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 19 млрд. теңге сомасына 71 жоба іске асырылмақ. Жалпы, биылғы жылы өңірді дамытуға бюджеттен тыс 26 млрд.теңге қаражат бағытталады деп көзделуде,-деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.