Жамбылдықтар атаулы әлеуметтік көмекке аса мұқтаж емес

0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы тоқталып өтті.


Оның айтуынша, бүгінде облыста тұрақтандыру қорының өнімдері төмендетілген бағамен сатылатын 29 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Осы жылы тағы сондай 12 дүкен ашу жоспаланған.
Бұл орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде жүзеге асып жатқан «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасының маңызы зор десек, ол үшін 1 миллиард теңге бағытталған.


Аталған жоба аясында азық-түлік тауарларын сатып алуды тұрақтандыру және қамтамасыз ету мақсатында төрт сауда желілері анықталып, онда делдалдарсыз 2 сүт фермасы, құс фабрикалары және 2 500 жеке қосалқы шаруашылықтардың, 14 жеке кәсіпкерлердің, 17 шаруа қожалықтардың сондай-ақ 22 кооператив өнімдері жеткізілуде.
Бүгінге дейін, сауда желілері арқылы 5,8 мың тонна азық-түлік тауарлары және 4 миллион жұмыртқа сатылды.


Нәтижесінде қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 20-25 пайызға өсті, азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 10-20 пайызға төмендеді.
Бес ай ішінде облыста 42 ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткен. Онда барлығы 460 млн теңгенің 1104 тонна ауылшаруашылық өнімі өткерілген. Өнімдер нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.