Субұрқақтағы жазатайым оқиға: Алматы әкімі жағдайға түсініктеме берді

0
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы субұрқақта екі қыз бен әйелді электр тоғы соққан жазатайым оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

“Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін”, – деп жазды әкім.

Алматы полиция департаменті оқиғаның Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету»бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

Баптың санкциясы – ірі айыппұл, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді. Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.