Америка тұрғыны бір түнде триллионер атанды

0
АҚШ-тың Джорджия штатының тұрғыны Крис Уильямсон криптоквалютаға салған ақшасының арқасында бір түнде триллионер атанды

Басылым мәліметінше, Уильямсон Rocket Bunny деп аталатын криптовалютаға 20 доллар салған. Жақында ол шотын тексеріп, триллионер атанғанын білген.

«Төсектен құлап қалдым. Содан кейін досыма қоңырау шалып, маған мұның бәрін қалай сатып жіберу керек екенін түсіндіруін сұрадым», — дейді Уильямсон басылымға берген сұхбатында.

Ер адам криптовалютаны басқа шотқа аудармақ болған, бірақ бұл жағдайда сома мүлдем басқаша болады.

Жағдайды нақтылау үшін Уильямсон Coinbase криптовалюта сатып алу және сату алаңынан көмек сұраған, онда олар қазіргі уақытта бұл мәселені зерттеп жатқанын айтты. Ол Rocket Bunny жасаушыларына да жүгінген, бірақ жауап алмапты. Бір нәрсені түсіндіре ала ма деп Илон Маскқа да жазған көрінеді.

«Жағдайға қарасақ, бұл соманы ешқашан ала алмайтынымды түсінесің», — дейді Крис Уильямсон.

Қазір триллиондар жатқан шот уақытша бұғатталып тұр, сондықтан ер адам одан ақша ала алмайды немесе олардан бірдеңе сатып ала алмайды.

Уильямсон ақшаға қол жеткізсе, адамдарға, ең алдымен туыстарына көмектесетінін айтады.

Басылымда жаңа триллионердің досы да осы криптовалютаны сатып алғаны, бірақ оның есебінде ақша көбеймегені жазылған.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.