Шымкентте карантинге қарамастан той науқаны қызып тұр

0

Шымкентте карантинге қарамастан той науқаны қызып тұр

Шымкентте карантинге қарамастан той науқаны қызып тұр

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 20-маусымында сағат 19:11-де аудан аумағында орналасқан «HAYAT» тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып «Үйлену той» өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбастан, ұйымдастырушы тойға 250 адамнан аса қонақ шақырған.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген азаматтан түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

azattyq-ruhy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.