ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

0

6 шағын ауданнан кіші футбол алаңшасы қолданысқа берілді.

Алаңшаның ашылуына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, көпшілік қуанышымен бөлісті.

Жалпы жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында Жаңатас қаласында 52 спорт нысаны қолжетімді.

2020 жылы 3 шағын ауданнан заманауи стрит воркаут құрылғысы орнатылған болатын.

2021 жылы әр шағын ауданнан 20 жаздық жаттығу құрылғыларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда 10 жаздық жаттығу құрылғысы қолданысқа берілді.

Сонымен қатар 6 кіші футбол алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4 және 6 шағын аудандардағы кіші футбол алаңшалары жастардың игілігіне берілді.

Бұл өз кезегінде жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізбек.

 

Сарысу аудандық баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.