Қырғыздар шегірткеден ұн жасап жатыр

0

Қырғызстанда жергілікті кәсіпкер шегіртке ұнын өндіретін ферма ашты. Мамандар арнайы шегірткелерді көбейтіп, 30 градус температурада өсіреді.

Кейін бунақденелілер кептіріліп, қуырылған соң ұнтақталып ұнға айналады. Ұнның 1 келісі 80 доллар шамасында тұрады. Мамандардың айтуынша, тауардың бұл түрі пайдалы заттар, дәрумендер  мен ақуызға бай. Сондықтан одан түрлі піспенан мен спортшыларға арналған тағам түрлері дайындалады.

Адыл Гарапов, ферма басшысы:

– Ұнды сатып алғысы келетін бірнеше компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әзірге үлкен көлемді тауармен қамтамасыз ете алмаймыз. Шегіртке ұнынан протеинді тоқаштар мен спорттық тағамдар немесе салмақ тастағысы келетіндерге арналған арнайы тағам түрлерін дайындауға болады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.