«Хайп үшін». Ақсулық жігіт автобустың үстіне мініп, қаланы аралаған

0
Ақсу қаласында полицейлер автобустың төбесіне шығып, келесі аялдамаға дейін барған 18 жастағы жасөспірімді жауапқа тартты.Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау барысында жасөспірімнің қалалық автобустың төбесіне секіріп мінген видеосы анықталды. Полицейлер видеоға тексеру жүргізген.

«17 маусымда сағат 13.00-де жасөспірім Ақсу қаласы Астана көшесіндегі аялдаманың төбесінен қалалық автобустың төбесіне секіріп мінгені анықталды. Полиция тәртіп бұзған жігітті анықтады. Ол — 18 жастағы қала тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал жазалау шараларын қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.