Оған мансабын аяқтау керек: Хабиб Головкинге кеңесін айтты

0
Бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағомедов EFC турниріне арналған баспасөз мәслихатында қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинге жеке кеңес беріп, мансабы туралы сұраққа жауап берді.

 

“2004 жылы ол Олимпиаданың финалында болды. 20 жылға жуық уақыт өтті. Ол қазір 38 жаста. Бір жекпе-жек өткізіп, қарттығына дейін ақша тауып, сонымен аяқтағаны дұрыс шыға, бұл менің жеке кеңесім. 35 жастан асқан адам мұндай ауыр спортпен айналыспауы керек. Бір-екі жекпе-жектен кейін аяқтауы керек, өйткені оның отбасы бар, оны әлі алда өмір күтіп тұр. Бокс ММА-ға қарағанда ауыр”, – деді Хабиб.

Ол сонымен қатар, егер ММА-да балуан буындардан жарақат алса, бокста басқа зиян тиюі мүмкін екенін баса айтты.

Айта кетейік, UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанға келді. Спортшы қазір Алматыда.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.