БАЛУАНДАР ЖАЗ-АТАНЫҢ ТУРНИРІНДЕ БЕЛДЕСТІ

0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Аса ауылындағы әмбебап спорт кешенінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ерін, екі мәрте Ленин Орденін және «Орақ пен Балға» медалін иеленген Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті. Сақтық шараларының қатаң сақталуымен өткен бәсекеге 100-ге жуық балуандар қатысып, бақтарын сынады.
Жаз-атаның құрметіне өткен турнир нәтижесінде, Ерсұлтан Тұрсын (29 келі), Мағжан Бейсеналі (32 келі), Саламат Галиакпар (35 келі), Нұрдаулет Сұлтан (38 келі), Досымжан Тұраш (42 келі), Илияс Бекенбай (46 келі), Жарас Рахманәлі (50 келі), Қасым Нұрдаулет (+50 келі) өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, медалдармен, дипломдармен салтанатты жағдайда марапатталд

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.