«Сулифа» жасауды жөн көрген: Маңғыстаулық егіз қыздар финалда бір-бірімен күресуден бас тартты

0
Маңғыстаулық егіз қыз Қызылорда облысында өткен таэквондо турнирінің финалында бір-бірімен жекпе-жекке шығуы керек болған. Бірақта олар күресуден бас тартты.

 

Ая мен Сая Кенжеғали 24 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға ие болды. Олар финалдық кездесуде күресуден бас тартып, жеңімпазды өз арасында анықтаған. Ол үшін қыздар ойын ойнаған. “Султфа” ойнында Ая Кенжеғали жеңіске жеткен.

Таэквондодан 2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуғ арналған. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 800-ден астам спортшы қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.