«Қордайдағы құбыжық»: Қазнетте тараған видео желідегілерді шошытты

0
Қазнет “Қордайдағы құбыжық” атты видео белсенді тарап жатыр.

Видеоны әлеуметтік желідегі танымал топтар жариялады. Кадрлардан басы итке, денесі адамға ұқсайтын белгісіз тіршілік иесі байқалады. Ол жолда қанжоса болып жатқан.

«Жігіттер, мына бәлені қараңдар. Ит екен деп қағып кеткенбіз. Қордай асуында қағып кеттік. Түсіп, барып қарайық десек, аяқ-қолы бар, бойы ұзын. Шок болып жатырмыз», – дейді видеодағы ер адам.

Дегенмен, желі қолданушылары көргендеріне сене қоймады. Олар видеоның монтаж екенін айтты.

Расымен де, бұл видео Қордайда түсірілмеген. Видеоның түпнұсқасы португал тілінде жарияланған. Желіде тарап кеткен видео бразилиялық топ жасаған контенттің бөлігі ғана: сценарий бойынша, бір топ адам қауіпті жануарға кезігеді.

Мифологиялық құбыжық қуыршақты арнайы эффекттер бойынша маман Джозеф-Роф Кобаски 2020 жылы АҚШ-та қолдан жасап шығарған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.